24.01.2022, 13:00

Тоқаев Ұлттық статистика бюросының басшысын қызметінен босатты

Фото: ашық дереккөз
Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне 2020 жылы қазан айының соңында тағайындалды.

Нұрболат Айдапкелов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда сайтында.

Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне 2020 жылы қазан айының соңында тағайындалды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.