$ 449.58  486.94  4.86

Лауазымынан босатылған Берік Имашевтің ұшақта мас күйінде отырған фотосы тарады

Фотодан экс-шенеуніктің бизнесс-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.

25 қаңтар күні президент Тоқаевтың бұйрығымен қызметінен босатылған Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың ұшақта отырған фотосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Orda.kz.

Orda.kz Telegram-ботына оқырмандарымыздың бірі Имашевтың ұшақтың ішінде отырған фотосын жіберді. Фотодан экс-шенеуніктің бизнесс-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.

Оқырманның айтуынша, Берік Имашев лауазымынан алынғаны туралы хабар тараған уақытта Алматыдан Астанаға ұшты. KS 853 рейсі. Экс-шенеуніктің үстінен алкогольдің иісі шығып тұр.
 
Имашев ОСК-ны 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келді. Ол бұл қызметке өткен жылы қайта сайланды.

61 жастағы Имашев әр жылдары Әділет министрлігін басқарған, президент әкімшілігі басшсының орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған.

Оның қызы Аида Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тұрмысқа шыққанына 20 жылға жуықтады. Имашев Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен айырылған бұрынғы президенттің бірнеше туыстарының бірі.
Дариға Назарбаева осы уақытқа дейін өз орнын сақтап қалған жалғыз адам – ол билеуші «Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Берік Имашев