26.01.2022, 11:20

Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

Фото: Tengrinews.kz
Жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болған.

Ертең, 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия - Үндістан" саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болған. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

"Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия - Үндістан" атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтіледі", - деп жазды Берік Уәли.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.