$ 449.3  489.69  4.89

Сағынтаев қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымымен кездесті

Кездесуге бас дәрігердің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аға медбикелер қатысты.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрігерлерге қайғылы оқиғалар күндері көрсеткен мамандыққа деген адалдығы мен батылдығы үшін алғыс айтты, сондай-ақ ЖШККА-ны дамытудың перспективалық мәселелерін талқылады.

Кездесуге бас дәрігердің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аға медбикелер қатысты. Әңгіме барысында олар медициналық көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, даму перспективалары жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Қала әкімі Б. Сағынтаев барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдірді. 4-10 қаңтар аралығында аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақаттармен – атыс, көгерген жаралармен, дене жарақаттарымен зардап шеккендер түсті. Ауруханаға барлығы 305 адам жүгінген, олардың 200-ге жуығы қысқа мерзімде түскен. Аурухананың барлық 9 операциялық бөлімі тәулік бойы және үздіксіз жұмыс істеді, 259 операция жасалды.

Құрамында травматолог-дәрігерлер, хирургтер, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, медбикелер және басқа да мамандар бар 6 бригада жұмыс істеді. Пациенттердің жаппай түсуін ескере отырып, медициналық сұрыптау жүйесі өзін жақсы көрсетті. Осылайша, қызметкерлердің жұмысындағы хаос пен дүрбелеңді болдырмауға мүмкіндік туды.

Ауыр жарақат алғандар шұғыл түрде операциялық блокқа оталық емделуге жіберілді, орташа ауырлықтағы пациенттер бөлімшелерге жатқызылды, жеңіл жарақат алғандар тексеріліп, таңылып, амбулаториялық емдеуге үйлеріне жіберілді.

«Өте қауіпті жағдайға қарамастан, аурухана қызметкерлері нағыз ерлік пен шынайы патриотизмді көрсетті, өздерінің кәсіби борыштарын батылдықпен орындауды жалғастырды», - деп атап өтті Б. Сағынтаев, ТЖ кезінде жұмыс істеген 430 қызметкердің барлығы материалдық ынталандырылғанын хабарлады.

Аурухананың материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мақсатында қала әкімі Б. Сағынтаев Қоғамдық денсаулық басқармасына қажетті медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем көліктерін сатып алуға өтінім дайындауды тапсырды. Денсаулық сақтау мекемелерін модернизациялаудың үш жылдық бағдарламасы аясында лифтілерді арнайы медициналық лифтілерге ауыстыруды қарастыру қажет.

Бүгінде аурухананың қызметі Алматы қаласының және бүкіл Қазақстанның тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Стационар 320 орынға есептелген. Ауруханада жетекші медициналық жоғары оқу орындарының кафедралары орналасқан.

2021 жылы клиника ауыр және өте ауыр дәрежелі COVID-19 пациенттерін қабылдай отырып, І эшелондағы жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде 5 ай жұмыс істеді. Барлығы КВИ бар 3789 пациент емделді.

Алматы әкімдігінің арқасында аурухана орталықтандырылған оттегі станциясымен қамтамасыз етілген. «Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша тез құрылатын модульдік кешендер салынды.

Бүгінде аурухана 100% медициналық газдармен қамтамасыз етілген және әр палатада оттегі консольдері орнатылған. Ауруханаішілік инфекциялардың таралуының алдын алу үшін ҚЖШККА-ның әр қабатында жеке сору-сыртқа тарату желдеткіші жұмыс істейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары