Қазақстан Қарулы Күштерінде арнайы операциялық жасақтардың қолбасшылығын құру үшін қажетті әлеует бар, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Президенттің 19 қаңтардағы жарлығымен Қарулы Күштерінің құрылымына енген Арнайы операциялық жасақтардың қолбасшылығы құрылды.
«Арнайы операциялық күштер елдің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде лаңкестікке қарсы операцияларға қатысу және заңсыз қарулы топтарға қарсы тұру аясындағы арнайы міндеттерді шешуге арналған» делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі күштер мен құралдардың құрамын, қолбасшылықтың міндеттері мен функцияларын белгіледі.
«Оны құру үшін қажетті әлеует бар» деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру мақсатында Қарулы Күштердің жұмысын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.