28.01.2022, 10:00

Тоқаев Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады

Ол "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын және Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауымдастығын басқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындады, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалтаева Ләззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын және Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауымдастығын басқарады.