28.01.2022, 15:15

Президент Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Фото: ашық дереккөз
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.  «Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Тоқаев.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.