$ 443.85  474.3  4.8

«Атқарушы билік халықтың сенімін ақтай алмады» - Президент

Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер жиі формалды, қағазда ғана орындалды.

«Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеуі тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеуі тиіс. Мемлекеттік аппаратының қызметтері бір, партиянікі мүлдем бөлек. «Nur Otan» негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы, қажет болған жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысын бағыттап отыруы керек»,- деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлаулардың қорытындысында «Nur Otan «халықтан сенімнің қажетті мандатын алғанын баса айтты. «Бірақ, атқарушы билік оны пайдалана алмады. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың айтарлықтай нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер жиі формалды, қағазда ғана орындалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter -дегі парақшасында жариялануда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев