$ 494.87  520.65  4.91

«Партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшы қызметін қарастыру керек» – Тоқаев

Партиялық аппаратты қызмет көрсету үлгісіне қарай қайта құруға баса назар аудару керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты, деп жазады baq.kz.
Партия Үкімет және әкімдіктермен бірлесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуына толық тексеру жүргізуі керек. Бұл жұмыста саботаждық, бюрократизациялаудың түрлі айла-шарғылары әлеуметтік сілкіністерге толы. Мұнымен ешкім дауласпайды деп ойлаймын, - деді Тоқаев. 

Оның айтуынша, жаңа реформаның күн тәртібіндегі іске асыруға да қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет. 

Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Партия олардың сапалы орындалуын ынталандыруы керек. Бұл үшін барлық ресурстар бар.Партия құрылымын қайта қарап, оңтайландыру арқылы ұйымдық тиімділігін арттыруы керек. Партиялық аппаратты қызмет көрсету үлгісіне қарай қайта құруға баса назар аудару керек. Ұйымдық құрылымды да қайта қарау керек. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына жауапты хатшы, сондай-ақ тиісті саладағы басқа да хатшылар қызметі қарастырылсын.Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірленетін ашық әрі тиімді алаңға айналуы тиіс. Оларды өзекті мәселелерді шешудің нақты жұмыс істейтін механизміне айналдыру керек, - деді Президент. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары