Саясат 28.01.2022 сағат 16:07

«Қаңтардағы дүрбелеңге жүйелі сыбайлас жемқорлық түрткі болды» - Президент

Бұған жергілікті атқарушы органдар да, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі де кінәлі.
«Қаңтардағы дүрбелеңге жүйелі сыбайлас жемқорлық түрткі болды» - Президент
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу


Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады baq.kz.

"Nur Otan мен жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрестің алдыңғы шебінде болып, осы күрделі проблема бойынша пайдалы бастамалар ұсынуы тиіс. Жасыратыны жоқ, қаңтар айындағы дүрбелеңге жүйелі сыбайлас жемқорлық түрткі болды, - деді Мемлекет басшысы.

Президент атап өткендей, қоғамда азаматтардың сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан бас тартуын қалыптастыру маңызды. Ал партия құрамдас бөлігі болып табылатын азаматтық қоғамды жұмылдырусыз бұл мүмкін емес. Сондықтан партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жаңа мазмұнмен толтыруға мәжбүр болады.

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуінде елеулі олқылықтарды көрсетті. Бұған жергілікті атқарушы органдар да, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі де кінәлі, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар