29.01.2022, 22:25

Президент Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді», деп атап өткен Президент өз жазбасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.