$ 449.58  486.94  4.86

«Қайда екені белгісіз»: Дикий Арманның адвокаттары мәлімдеме жасады

Оны Алматыдағы тергеу изоляторынан алып кеткен.

Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары оны Алматыдағы тергеу изоляторынан алып шыққанын айтты. Қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз, деп жазады Орда.кз порталы.

Құқық қорғаушы Талғат Есімовтің айтуынша, ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні «Дикий Арманды» тергеу изоляторынан алып шыққан. Қорғаныс тарапы көмек сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

"Арман Жұмагелдиевке екі рет бардық. Жауап алу кезінде ол тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді", – деді Талғат Есімов Facebook желісіндегі тікелей эфирде.

Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз. Құқық қорғаушының кейбір мәліметтері бойынша, күдіктіні ҰҚК ғимаратына апаруы мүмкін.

"Тергеу тобының мүшелері Жұмагелдиевтің куәлік беруге дайын екенін білді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін куәлік беретінін айтты. Бас прокурор, бұл не деген бассыздық", – деді адвокат Виктор Кривоносов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дикий Арман