$ 446.49  475.38  4.79

Олжас Байділдинов Adaldyq Alańy басшылығынан кетті

ҚР Энергетика министрлігінің Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің жаңа басшысы тағайындалды.

Олжас Байділдинов Энергетика министрлігіндегі Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің басшылығынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған шешімге байланысты Энергетика министрлігіндегі Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің басшы ретіндегі қызметімді аяқтаймын және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардағы қоғамдық саладағы әріптестеріме, министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшыларына сенім көрсеткендері үшін алғыс айтамын», - деп жазды ол Facebook парақшасында. 
Ал Энергетика министрлігінің Іnstagram-парақшасында ҚР Энергетика министрлігінің Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінің жаңа басшысы тағайындалғаны айтылған. 
«Министрліктің Аппарат басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы №37 бұйрығымен жобалық кеңсенің құрамы жаңартылды. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып қазіргі уақытта Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі болып табылатын Ерлан Медеуұлы Сәрсекеев тағайындалды. Е.М. Сәрсекеевтің мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторда, соның ішінде Парламент Мәжілісінің аппартында, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Энергетика министрлігінде үлкен тәжірибесі бар. Министрліктің жобалық кеңсесінде жедел желі ұйымдастырылды (8(7172) 78-69-38, ол бойынша кез келген адам кеңес ала алады», - деп жазылған ресми мәліметте. 
Еске салсақ, Олжас Байділдиновтің елдегі сұйытылған газ бағасына қатысты айтқан пікірлері халық тарапынан сынға ұшыраған болатын. 
«Сұйытылған газдың бағасы баяғыда өсуі керек еді. Бұл да басқа тауарлар сияқты нарықтық тауар. Оның негізгі жабдықтары, материалдар, шығын материалдары – импортталады немесе халықаралық бағаларға тікелей байланысты болады. Мысалы, металл Қазақстанда өндіріледі, бірақ толығымен әлемдік бағаларға тәуелді», - деді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары