03.02.2022, 20:00

Тоқаев жұмыс сапарымен Бейжіңге барды

tengrinews.kz
Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.  

"Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады", - делінген хабарламада.

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму бағыттары талқыланады.

                                                                                                               tengrinews.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.