Саясат 06.02.2022 сағат 09:41

Ермек Нарымбаев қамауға алынды

Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.
Ермек Нарымбаев қамауға алынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.

"Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған болатын. Оған себеп - олардың әлеуметтік желілерде ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, ұлттық ар-намысты қорлау белгілері бар ақпаратты таратуы туралы ақпарат болған. Олардың тұратын жері бойынша прокурор санкциялаған тінту жүргізілді, соның нәтижесінде заттай дәлелдемелер алынды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар