Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
«Көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ-шендер беру тәртібі күшеймек. Қазіргі заң бойынша қызметкерлерге көтермелеу арқылы 6 рет атақ-шендер беруге болады. Заң жобасында көтермелеу арқылы атақтарды екі-ақ рет беру ұсынылады», - деді Әсет Шындалиев.
Оның айтуынша, қызметкерлерді бағалауға, оларды көтермелеуге, тәртіптік жауапқа тартуға арналған түзетулер ұсынылады.