$ 444.14  477.05  4.85

Үйдегі улы газды анықтайтын датчик орнатылып жатыр

Мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Атырау тұрғындарының үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы қыркүйектен бері 225 үйге осындай датчик орнатылған.

«Қазір қызметкерлері тұрғын үйлердегi өрттiң алдын алу үшін түсінік жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйiне улы газды анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылды. Сондай-ақ, датчиктің инструкциясы көрсетiлдi. Улы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асқан кезде датчик дыбыстық дабыл шығарады. Бұл құрылғы автономды түрде аккумуляторлық батареямен жұмыс істейді. Батареяның жұмыс істеу мерзімі бiр маусымға жетеді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полицейлер өртенген үйден 30-ға жуық адамды құтқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#газ #улы газ