$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімовтің камерада қандай жағдайда отырғаны белгілі болды

Омбудсменнің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандардың барлығымен бірдей жағдай жасалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу бойынша айып тағылып, тергеу изоляторында отырған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен шағым түскен жоқ. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

Омбудсменнің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандардың барлығымен бірдей жағдай жасалған.

«Біздің топтарда Мәсімов туралы біраз ақпарат бар. Бірақ біздің жұмысымыздың ерекшелігіне байланысты барлық деректерді ашып айта алмаймыз. Әзірге Кәрім Мәсімовтің тарапынан ешқандай шағымдар түскен жоқ. Сондықтан қандай да бір мәліметтерді айта алмаймын. Камера, бұл –  камера. Ол жалғыз немесе бірнеше адамға арналған болуы мүмкін. Мұның бәрі қоғамнан оқшаулану екенін түсіну керек», – деді ол.

Эльвира Әзімова бұл жерде Кәрім Мәсімовке өзгелерге қарағанда ешқандай да артық күтім немесе басқа да жағдай жасалмағанын атап өтті.

«Ұстау жағдайларының үш түрі бар – ішкі істер органдарында тергеу изоляторлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы изоляторлар және ҰҚК тергеу изоляторы. Ұстау шарттары бойынша олардың бір-бірінен сәл айырмашылығы бар. Ең бастысы, мұнда отырғандардың адвокаттарға, медициналық көмекке, тамақтануға деген қолжетімділік шарттары бірдей», – деді Эльвира Әзімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары