$ 444.22  476.38  4.82

Бердімұхамедовтың ұлы Түрікменстан президенттігіне кандидат болып ұсынылды

Конгресске қатысушылар Түркіменстан президенттігіне үміткер Сердар Бердімұхамедовтің сөзін тыңдап, қолдады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2007 жылдан бері мемлекет басшысы болған Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан президенті лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды orda.kz.

Бұл туралы Түркіменстанның Salam News интернет-басылымы хабарлайды.

«Бүгін Түркіменстанның қоғамдық ұйымдары орталығында Түркіменстан демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Күн тәртібіне сәйкес Түркіменстан президенттігіне Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Құрбанғұлыұлы Бердімұхамедовтің кандидатурасы ұсынылды. Конгресске қатысушылар Түркіменстан президенттігіне үміткер Сердар Бердімұхамедовтің сөзін тыңдап, қолдады»,  делінген таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов дамудың жаңа кезеңінде мемлекеттік басқаруда жастарға жол берілуі керек деген болатын.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясына тиісті жұмыстарды бастауды тапсырды. Нәтижесінде ОСК кезектен тыс президент сайлауын өткізу күнін 12 наурызға белгіледі. 14 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бердімұхамедовтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын қолдағаны белгілі болды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары