Саясат 15.02.2022 сағат 15:40

Жемқорлықты әшкерелеушілер мемлекет қорғауында болады

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады.
Жемқорлықты әшкерелеушілер мемлекет қорғауында болады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президентке Агенттіктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен тексеріліп жатқан қылмыстық істер туралы баяндалды, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Марат Ахметжанов Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын таныстырды. 

Қазір Парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілерді қорғау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл норма мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік орган тартылатыны туралы мәлімет берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралардың толық атқарылуы бойынша әр ведомствода жауапты адамдар бекітіледі.

Мемлекет басшысы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін ұсынылған тәсілдерді қолдап, Агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Президент бұл жұмысты ерекше бақылауға алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, қылмыс тәсілдерін әшкерелеуге және жемқорларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар