$ 498.34  519.72  4.85

«Егер мен премьер-министр болсам…» - Мұхтар Тайжан

Біріншіден, мен жер мәселесінен бастар едім.

Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжанның авторлығымен «Бетбұрыс» атты подкаст-жоба басталды, деп хабарлайды orda.kz

Сөз алған Мұхтар Тайжан президенттің «қосалқы құрам тар» деген пікірімен келіспейтіндігінен бастап, өзі еліміздің премьер-министрі болса, қандай мәселелерді қолға алатынын жеткізді.

– Біріншіден, мен жер мәселесінен бастар едім. Өйткені, халқымыздың тең жартысы ауылда тұрып жатыр. Ауылдың күнкөрісі өте ауыр. «Қанды қаңтар» оқиғасы ең наразы, күнкөрісі төмен жастар ауылда тұрып жатқанын көрсетті. Сол үшін шаруаны ауылдан бастау керек. Оған жер қажет. Үкіметте, мемлекетте бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік бар. Мен космомониторинг пен цифрлы мониторингті айтып отырмын. Ниет қана жетпейді. Неге? Былтыр Сапархан Омаров мырза, одан кейін Ербол Қарашөкеев мырза космомониторинг пен цифрлы мониторингке қасақана кедергі жасап, жайылымдарды босатпады. Соның салдарынан былтыр бірде бір гектар жер босатылған жоқ. Бұл – ауыл халқына қиянат. Қазақстанда жайылым жеткілікті. Өркениетті технологиялар бізде 40 миллион гектардан астам жайылымдардың бос тұрғанын көрсетіп отыр. Осы көктемде кем дегенде осы көлемнің жарты бөлігін босатып, ауыл халқына қолжетімді қылар едік. Жайылым пайдалы болса, ауылдағы миллиондаған халық малдың арқасында жақсы өмір сүрер еді, – дейді ол.

Мұхтар Тайжан премьер-министр болса, өзінің екінші миссиясы ретінде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын жоюды атады. Ол әл-ауқат қорының құрамындағы монополистік әрекетке барып отырған ұлттық компанияларды профильді министрліктерге бағынысты етуді дұрыс деп санайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары