16.02.2022, 18:20

Мемтапсырыс: 1 млрд теңгенің қайда жұмсалатыны неліктен құпия?

ulysmedia.kz
Биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған.

Биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған.

 

Бұл соманың 1 миллиард теңгесі қандай мақсатта жұмсалатыны беймәлім, өйткені бұл шығындар «қызметтік қолданыс үшін» белгісімен құпия ақпараттар санатына жатқызылған.

Құпия қолданыс үшін деген не?

Ulysmedia.kz тілшісі бұл сауалды Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Болат Тілеповке қойды.

– Мен ақпарат саласына емес, азаматтық қоғам мәселелеріне жауаптымын. Дегенмен, әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік құпиялар туралы заңдар аясында жүзеге асырылатын шаралар мен іс-қимылдарды қажет ететін өз бағыттары бар екенін атап өткім келеді. Ақпараттық салада да мұндай қажеттіліктер бар. Қандай тақырыпқа және қандай шараларға қатысты екенін, әрине, айта алмаймын, өйткені менде ақпарат жоқ, – деді ол.

Десе де, Тілепов қосымша ақпарат ұсынуға уәде берді. Осы салаға жауапты әріптестеріне тапсырма бермек.

Сондай-ақ, шенеунік бюджеттің миллиардтаған теңгесі неліктен түрік сериалдарын сатып алуға кететінін түсіндірді.

– Жалпы, сериалдық өнімдер халық арасындағы сұранысы бойынша бағаланады. Көрермен қандай сериалдарды көреді, біз соны сатып аламыз. Біздің экрандарымызда түрік сериалдары өте танымал екенін көріп отырмыз. Екіншіден, бұл телеарналар рейтингінің мәселесі. Әрине, ақпарат министрлігінің бұл бағыттағы ұстанымы айқын. Бұл отандық сериалдардың көптеп түсірілуіне мүдделіміз, - деді Б.Тілепов.

Сондай-ақ, ол түрік тарапымен осы бағыттағы бірлескен жұмыс туралы перспективалық уағдаластықтардың бар екенін атап өтті. Тілеповтің сөзінше, бұл бағыттағы жұмыс өз мақсатын толық ақтайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.