16.02.2022, 19:32

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына Орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.