$ 498.34  519.72  4.85

«Барлық нәрсені төсекпен салыстырады»: журналист Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті (ВИДЕО)

Бұл неге барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады да отырады? Не әдет?

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш өзінің Facebook-тегі парақшасында «Әлеуметтік желіде қым-қиғаш, қызыл-қырғын махаббат болып жатыр. Ойнастың есебі жоқ» деп айтқан Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті деп хабарлады turkystan.kz.

«Сатқын емес қазақ миллионнан біреу!» дейді. Сосын, әлеуметтік желіде «қып-қызыл махаббат, ойнас жасап жатыр» дейді. Бұл неге барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады да отырады? Не әдет?» – деп жазды ол.

Еске салсақ, Мұхамеджан Тазабек «Talim.tv» бағдарламасына берген сұхбатында:

«Сатқындық дейтін нәрсе бар. Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар. Неге, себебі, біреу әйелін, енді біреуі күйеуін сатып жүр. Әлеуметтік желіде қым-қиғаш, қызыл-қырғын махаббат болып жатыр. Ойнастың есебі жоқ. Күйеуіне айта алмайтын қаншама әйелдің сыры бар, әйелінен жасырып жүрген қаншама еркектің жыры бар. Егер, осының бәрін біз сатқындық деп есептейтін болсақ, қоғамда сатқындықтан аман адам жоқ. Сол себептен мен бас салып біреуді айыптап немесе оған «сатқын» ол деп үкім таға алмаймын. Себебі, өзім содан таяқ жеп жүрген адаммын», – деген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары