Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сұхбат барысында телеарна тілшісі көрші елдің кейбір журналистері «Ресей Қазақстанды құтқарды» деп жазып жүргенін атап өтті.
«Жаңа ғана айтып өттім, Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады. Бұл – бір. Екіншіден, аталған мәселеге геосаяси ахуал тұрғысынан да қарау керек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым. Ресей және Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін көмек қолын созды», - деді осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.