$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы: «Басты мақсатым – экономикада болсын, саясатта болсын монополияны мейлінше жою»

Бұл шынайы бәсекеге, жалпы айтсақ, әділеттілікке кедергі болып отыр. Осы мәселені шешпесек, экономикамыз дамымайды, ішкі саяси ахуал мүлдем нашарлап кетеді.
inform.kz
inform.kz

Менің басты мақсатым – экономикада болсын, саясатта болсын монополияны мейлінше жою. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы кезде олигополия деген терминді көп пайдаланып жүрсіз. Енді оны көпшілік әлі түсіне қойған жоқ. Дүйім жұрттың бәрі оны толығымен түсінеді деп айту қиын. Түптеп келгенде, бұл сөздің мағынасы неде? Соны айтыңызшы?», - деп сұрады тілші.

Осы орайда Президент «олигополия» бұл экономика саласындағы саны шектеулі адамдардың үстемдігін білдіретінін айта келе, бізде осындай үрдіс белең алып жатқанын, көпшілік, әсіресе, кәсіпкерлер оны жақсы білетінін атап өтті.

«Бұл шынайы бәсекеге, жалпы айтсақ, әділеттілікке кедергі болып отыр. Осы мәселені шешпесек, экономикамыз дамымайды, ішкі саяси ахуал мүлдем нашарлап кетеді. Сондықтан менің басты мақсатым – экономикада болсын, саясатта болсын монополияны мейлінше жою. Одан біржола құтылған жөн. Бұл, әрине, оңай емес, бірақ міндетті түрде осы жұмысқа кірісуіміз керек. Басқа жол жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары