Күні кеше Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың сағаты туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы ақпарат жариялады. Онда сағаттың құны 5 не 8 мың долллар шамасында екені айтылған.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне жақында ғана келген Руслан Желдібай Әлихан Асханұлының сағатына қатысты ресми түсініктеме берді.
«Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты.
Шынтуайтына келгенде, Премьер-Министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады.
Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын», – деп жазды ол өз парақшасында.
orda.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.