22.02.2022, 21:30

Ұлыбритания ресейлік банктер мен кәсіпкерлерге санкция салды

Фото: ашық дереккөзден
Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды

Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің кез келген активтеріне және Ұлыбританияға кіруіне тыйым салынатынын айтты.

"Бұл біз жасауға дайын істің алғашқы толқыны, бірінші бөлім", - деді Джонсон.

Джонсонның айтуынша, "Россия", IS Банк, General Банк, Промсвязьбанк және Қара теңіз Банкі санкцияларға ұшырады.

Reuters мәліметінше, санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің қатарына ресейлік және фин бизнесмені мен қоғам қайраткері, сондай-ақ Владимир Путиннің "жақын досы және одақтасы" Геннадий Тимченко кірді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.