Елордадағы Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, күні кеше бірқатар БАҚ-та Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Қазақстанда биылғы қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік қамауға алынған. Оның 14-і - өзбекстандық.
«Осы фактіні нақтылау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстан азаматтарының қамауда отырған орындары және ол жерге әкелу себептері туралы ақпарат беруді сұрап, тиісті нота жолдады. Сондай-ақ олармен елшілік қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы өтініш жасалды», – деді ол.
Юсуп Қабулжанов Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтаудағы бас консулдықтары Қазақстанның жер-жердегі құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.