$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық Олимпиада комитетінің Қысқы олимпиада ойындарына қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

Дайындыққа және жарыстарға барлығы 234 спортшы мен жаттықтырушы қатысты.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық Олимпиада комитетінің вице президенті Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына жұмсалған қаржы мөлшерін атады. Сонымен қатар ол бір жылда әр спорт түріне бөлінетін қаражатты да атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бейжің Олимпиадасына қатысу үшін 248 миллион теңге жұмсалды. Оның 107 миллион теңгесі Air Astana компаниясының чартерлік ұшағына төленді. Спортшылардың Олимпиадаға дайындығына 789 миллион теңге бөлінген. Дайындыққа және жарыстарға барлығы 234 спортшы мен жаттықтырушы қатысты", - деді Андрей Крюков. 

Ұлттық Олимпиада комитеті өкілінің сөзінше, әр спортшыға орта есеппен 15 миллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол нақты спорт түрлеріне бір жылда қанша қаржы бөлінетінін де атап өтті. 

"Бір жылда биатлонға 384 миллион, тау шаңғы спорты 100 миллион, конькимен жүгіру 400 миллион, шаңғы жарысы 363 миллион, керлинг 200 миллион, трамплиннен шаңғымен секіру 198 миллион, сноуборд 14 миллион, конькимен мәнерлеп сырғанау 143 миллион, фристайл-могул 562 миллион, фристайл-акробатика 319 миллион, шайбалы хоккей 259 миллион, шорт-трекке 392 миллион теңге бөлінген. Жалпы қысқы спорт түрлерін қаржыландыруға мемлекет бюджетінен 3,5 миллиард теңге қарастырылған", - деп түсіндірді Крюков. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары