$ 494.87  520.65  4.91

Украина бағытындағы рейстердің тоқтатылуына байланысты жедел желі қызметі қосылды

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинада 1,6 мыңнан астам қазақстандық бар, бірақ олардан эвакуациялау туралы өтініштер әлі түсе қоймаған.
Фото: kriadera.kz
Фото: kriadera.kz

Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215, - делінген хабарламада.

Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинада 1,6 мыңнан астам қазақстандық бар, бірақ олардан эвакуациялау туралы өтініштер әлі түсе қоймаған.

"Қазіргі уақытта 517 адам уақытша консулдық есепте тұр (елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері). Тұрақты консулдық есепте 1113 адам бар", - деп жеткізген министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтары негізінен Украинаның Киев, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

"Қазіргі таңда жағдайды анықтау үшін оннан астам телефон қоңыраулары мен электронды хаттар түскен. Азаматтардан Қазақстанға эвакуациялау туралы өтініштер түскен жоқ", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Украина #желі