24.02.2022, 12:20

«Қазақстан Ресейдің Украинаға қарсы геосаяси ойындарының тұтқынына айналды» – Досым Сәтпаев

"Бұл – ҰҚШҰ мен ЕАЭО мүшесі ретінде Ресейдің геосаяси ойындарының тұтқынына айналған Қазақстан үшін қауіпті белгі.

Кремль үшін еліміздің ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шықпауы маңызды. Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресей мен Украина шиелінісі Қазақстанға салдарын тигізетінін айтты, деп хабарайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, РФ Президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған арнайы үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Ол бұл шешімін НАТО-ның (Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы) Ресейдің шекарасына жақындағанымен байланыстырған. "Бұл – ҰҚШҰ мен ЕАЭО мүшесі ретінде Ресейдің геосаяси ойындарының тұтқынына айналған Қазақстан үшін қауіпті белгі... "Украина Кремль үшін "жер жинау", хаос экспорты және геосаяси кеңістікті кеңейтудің әртүрлі гибридті күш технологияларын дамыту үшін үлкен сынақ тұғырының бірі болып саналады, әрі посткеңестік кеңістік үшін қауіпті", – деп жазды саясаттанушы Facebook-те.

Ол қос ел арасындағы шиеліністің 2014 жылы болғанын атап өтті. "Екінші кезең Украина Конституциясының жаңаруы 2019 жылы Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға толық құқылы мүшелігін алу үшін стратегиялық бағытты бекітетін конституциялық түзетулер күшіне енген кезде жеделдеді. 2020 жылы Солтүстік Атлант кеңесі Украинаға кеңейтілген мүмкіндіктері бар серіктес мәртебесін берді", – деді Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы мұның бәрі 2022 жылы қабылдағысы келетін Ресейдің жаңа әскери доктринасында көрініс тапқанын жеткізді.

"Бірінші кезекте Ресей шекарасынан алыс буферлік аймақтарды қолдана отырып, стратегиялық ядролық емес ұстамдылыққа баса назар аударылады. Бірақ Ресей басшылығы үшін шекаралас мемлекет ретінде Қазақстанды сақтау маңызды...", – деді Сәтпаев.

Ол Ресей болашақта Орталық Азия мен Ауғанстанда үшінші елдердің әскери базалары пайда болғанын қаламайтынын атап өтті.

"Қазақстанды – Ресейдің буферлік аймағына теңестіру қауіпті тренд. Егер Кремльде жаңартылған әскери доктрина шеңберінде Қазақстан осындай буфер болып саналмайтын болса, әрі ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға дейін барынша дербес сыртқы саясат жүргізуге шешім қабылдаған "жау режим" пайда деп есептесе. Бірақ дәл осы екі ұйымды Ресей Батыспен қарама-қайшылықтың күшеюі жағдайында Мәскеу бастаған кеңестік экономикалық өзара көмек кеңесінің аналогы және Варшава пактісі ұйымының аналогы ретінде қарастырылады, әсіресе Украинамен әскери қақтығыс болған жағдайда...", – деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Қазақстан ДХР мен ЛХР, Косово, Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындамау туралы ресми мәлімдеме жасамаған.

"Бірақ осыған қарамастан Кремль үшін Қазақстанның ЕАЭО мен ҰҚШҰ-ға ұзақ мерзімді негізде мүшелігін сақтау, әрі елде сыртқы саяси басымдықтарын өзгерте алатын қандай да бір демократиялық реформалардың болмауы аса маңызды болып саналады. Дегенмен біз 2014 жылы ЕАЭО-ға кірген кезде өзіміздің экономикалық егемендігімізді шектедік. Сондай-ақ 2014 жылдан бастап біз Ресейдің Украинаға қарсы геосаяси ойындарының тұтқынына айналдық, олар біздің экономикамыз үшін белгілі бір қаржылық-экономикалық қауіп-қатер әкелді", – деп түйіндеді сөзін Досым Сәтпаев.