Киевте тұратын Қазақстан азаматтары эвакуацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы Киев тұрғыны Әлия Тұрысбекова айтты.
"Балалардың, өзімнің заттарымды жинап жатырмын. Қазақстан елшілігі азаматтарды эвакуациялауды жоспарлап отыр", - деді Тұрысбекова.
Оның айтуынша, қазір Киевтегі жағдай алаңдатып отыр.
"Бізде бәрі жақсы. Бірақ бәрібір қорқынышты. Бір жерде соғыс болып жатқанын есту бөлек те, таңертеңгі сағат 6-да жарылыс дауысынан ояну мүлдем басқаша сезім", - деді ол.
Бұған дейін СІМ жағдай ушықса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алатынын айтқан еді:
+38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber),
+38 044 483 15 96,
+38 044 489 18 58.