$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуды қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу онлайн өтті. Әңгімелесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Қазақстан көшбасшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен осы жылы келуге шақырғанын тағы да нақтылады. Сапар мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы пысықталады.

Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары