$ 494.87  520.65  4.91

Ресей келіссөздерге қайта оралуға дайын

Бізге қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу жетіспеді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаны демилитаризациялау операциясынан кейін Ресей келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.

— Бізге қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу жетіспеді. Сондықтан, әрине, геноцид элементтерінсіз, неонацизм мен милитаризм элементтерінсіз қандай да бір демократиялық тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған кез келген қарулы операциялар, әрине, мұның бәрі қайта оралады. Президент Путин, мен оның сөзіне тағы да назар аударамын, біз Украинаны милитаризм мен неонацизмнен азат етуді, осы елде тұратын барлық халықтарға ешқандай қысымсыз өз болашағын анықтауға мүмкіндік беруді жақтаймыз деген, – деді Лавров баспасөз мәслихатында.

Ол Украина қарулы күштері Путиннің үндеуіне жауап беріп, қарсылық көрсетуді тоқтатып, қаруын тастаған кезде Ресей келіссөздерді бастайтынын атап өтті.

— Оларға ешкім шабуыл жасамайды, ешкім қысым көрсетпейді, олар өз отбасыларына оралсын. Ал украин халқына барлығымыз бірге өз тағдырын анықтау мүмкіндігін берейік, – деді РФ сыртқы істер министрі.

Бұған дейін Украинаның Ресеймен бейтарап статус  туралы келіссөздер жүргізуге дайын екені белгілі болды, бірақ ол қауіпсіздік кепілдігін де алуы керек, делінген Украина президенті кеңсесі басшысының  кеңесшісі Михаил Подоляктың мәлімдемесінде.

— Өздеріңіз білетіндей,  Украина президенті Зеленский Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға көмектесу, соның ішінде демилитаризациялау және  бейтараптандыру екенін айтты. Ал бұл, шын мәнінде, бейтарап статустың ажырамас құрамдас бөлігі, – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, мұндай делегацияның құрамында қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ президент әкімшілігінің өкілдері болады.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары