$ 494.87  520.65  4.91

«Зеленский Киевтен қашып кетті» – Володин

Айналасындағылармен бірге Львов қаласына кетті, көмекшілері оған үй дайындаған.
orda.kz
orda.kz

Зеленский кеше бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметкерлермен бірге өзінің Киевте екенін айтып, видеоүндеу жолдаған. Бүгін РФ Мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Володин Жоғары рада депутаттарының президент Киевтен Львов қаласына кетіп қалғаны туралы ақпарат алғанын жариялады.

«Ол кеше кешке Украина астанасынан кетіп қалған. Айналасындағылармен бірге Львов қаласына кетті, көмекшілері оған үй дайындаған. Ал ол жариялап жатқан видеолар алдын-ала түсірілген», – деп жазды Володин.

Мемдума спикері Жоғары рада депутаттары президентпен кездескісі келгенде, оларды Львовқа шақырғаны туралы айтады. Оның айтуынша, Зеленский неонацистердің қорғауында екен.

Володин өзі бұл ақпаратты нақты кімнен алғаны туралы айтпады.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары