$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейдің әрекеті Қазақстанға жасалған ескерту» – Дос Көшім

Саясаткер Рамзан Қадыровтың неге шешен әскерін Киевке қарсы соғысқа айдап салғанын айтып берді.

Белгілі саясаткер Дос Көшім сұхбат беріп, Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, халық саны мен әскери жағдайы жақсы Украина Ресейден жеңіле қоймайды. Сондай-ақ, келіссөздерге екі жақ та мүдделі екенін айтты.

– ЛХР мен ДХР кішкентай ғана сылтау. Негізгі мәселені Путин ашық айтты. Бұл – Украинаны қарусаздандыру, Украинаның билігін ауыстыру. Қысқасы, ол Украинаның ішкі саясатына қол сұғып отыр. Тағы бір бағыты, Украинаны НАТО-ға жақындатпау болып отыр. Ресейдің мәселесі өте кең көлемде, бәрін шешіп алғысы келеді. Ресейдің бұл әрекеті Қазақстанға ескерту, – деді саясаткер.

Саясаткер Рамзан Қадыровтың неге шешен әскерін Киевке қарсы соғысқа айдап салғанын айтып берді.

– Шешенстан Путиннің «қолбаласына» айналды. Шешен соғысында шешендерге украиндықтар көмектесті. Құтқарамыз деді. Рамзан Қадыровтың әкесі сол соғыста Ресей жағында болды. Оның осындай бағыт ұстанатыны белгілі еді, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары