27.02.2022, 18:47

Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады akorda.kz.  

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.