Ресей мен Украина делегациясының Беларусьтегі кездесуі дүйсенбіде, 28 ақпанда таңертең басталуы мүмкін, себебі Киев өкілдері республикаға Польша жақтан келуді шешкен. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне саясаткер Юрий Воскресенский айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Келіссөздер таңертең өтеді, себебі украиналық делегация түзу жолмен емес, Гомель және Польша арқылы "Варшава көпірі" бекетін өтіп келеді. Олар айналып келе жатыр", - деді саясаткер.
Воскресенскийдің айтуынша, украиналық делегация құрамында 4-5 адам бар: СІМ басшысының орынбасары, әскери және саяси өкілдер, сондай-ақ "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахимия бар.
Кеше, 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер туралы пікір білдірген болатын. Зеленскийдің екіжақты келіссөз нәтижелі болатынына сенбейтінін, бірақ әрекет етіп көру керегін айтты.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.