$ 495.2  522.34  4.94

«Nur Otan»-ның кезектен тыс съезінің күн тәртібі белгілі болды

Партияның кезектен тыс съезінде 2 мәселе қаралады.
sputnik.kz
sputnik.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс отырысында екі мәселе қаралады.

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:

1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», - деп жазды А.Оралов Facebooк-те.

Еске салайық, партияның кезектен тыс съезі 1 наурызда өтеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары