Украина президенті Владимир Зеленский елдің Еуропалық Одаққа (ЕО) қосылуы туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы хабарлама Жоғарғы Раданың ресми Telegram-каналында пайда болды.
"Украина ЕО туралы шарттың 49-бабына сәйкес Еуропалық Одаққа мүшелікке өтініш беру құрметіне ие", - делінген құжат мәтінінде.
Көшірмелері Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельге, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенге және Еуропарламент төрағасы Роберт Мецолаға жіберілді.
Зеленский 25 ақпанға қараған түні өткен Еуропа кеңесінің шұғыл отырысына қатысты. Онда ол Украинаны ЕО-ға арнайы жеделдетілген рәсім бойынша қабылдауды сұрады. Одақ басшылығы бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.