$ 494.87  520.65  4.91

Премьер-министр бизнеске қойылатын ескі талаптарды тоқтатуды тапсырды

Қазіргі кезде мұндай талаптардың 40%-і жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді.

Бизнеске қойылатын талаптардың 40%-і жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұкімет отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы бизнеске қойылатын талаптарды азайту үшін бұл саланы реттеу жүйесін қайта қарауды тапсырған болатын. Қазіргі кезде мұндай талаптардың 40%-і жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді. Сондықтан, оларды тоқтату керек. Қажетті шешімдер қабылданды. Тиісті Заңға қол қойылды. Енді оны іске асыру қажет», - деген Үкімет басшысы бизнес шамадан тыс әкімшілік жүктеменің азайғанын сезіне бастауы керек екенін ескерттін

«Ол үшін міндетті талаптар реестрін жасауымыз керек. Реттеу жүйесін өзгерту –бизнес саласын тиімді реформалауға және оны дамытуға жаңа серпін береді», - деді Әлихан Смайылов. Аталмыш мәселе бойынша Премьер-Министр бірнеше тапсырма берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары