Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарланғандай онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. Айта кетейік, кеше партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда арнаулы қаулымен съезд күнтәртібі бекітілген еді. Күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және «Nur Otan» партиясын модернизациялау мәселелері қаралады.