01.03.2022, 11:53

Nur Otan: «Бауыржан Байбек атқарған лауазым жойылады»

ulysmedia,kz
Бұл туралы партияның кезектен тыс съезінде атқарушы хатшы Асхат Оралов айтты.

Бас партия төрағасының бірінші орынбасары қызметі жойылады. Nur Otan партиясын Тоқаевтан кейін атқарушы хатшы басқаратын болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазіргі таңдағы өзгерістерге сай партияның басты бағдарламалық құжаттарын қайта қарау қажет деп ойлаймыз. Ең әуелі партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Партияның және оның филиалдары Төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы қызметі енгізіледі», - деді партияның съезінде атқарушы хатшы Асхат Оралов.

Партияның стратегиялық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де өте маңызды дейді ол. Қазіргі күні арнайы жұмыс тобы «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларын қайта қарауға кіріскен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.