Британ парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзірбайжан елдері Ресейді қолдайды деп есептейді. Осыған байланысты аталған елдерге санкция салу туралы бастама көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
Британ парламенті Ресейге қарсы санкцияларды талқылауды жалғастыруда. Бүгін парламент мүшелерінің бірі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзірбайжанға қарсы санкцияларды да қарастыруды ұсынып, бұл мемлекеттер «Путинді қолдайды» деп мәлімдеді.
Бұл сұраққа жауап берген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстан мен Әзірбайжанға қатысты бұл мәселені зерттейтінін жеткізді.
Министр Лиз Трасс Ұлыбританияның осы уақытқа дейін негізінен Ресей мен Беларусь елдеріне ғана санкциялар енгізгендерін айтты.
Еске салсақ, Маргарет Ходж Қаңтар оқиғасы кезінде де Қазақстанға санкция салуды ұсынған.