$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесінен кейін СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания тарапының британиялық парламент депутатының мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания тарапының британиялық парламент депутатының мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр.
 
Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұраған болатын.
 
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл мәселені анықтап зерттеу керектігін айтты.
 
"Бұл парламентте сөз сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі (Кэти Лич - Sputnik) бүгін сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан осы жағдайға қатысты түсініктеме күтеміз", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев парламент кулуарында.
 
Журналистер вице-министрден Владимир Жириновскийге (Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты) ұқсас Ходжға да санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады. СІМ өкілі мұндай мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берді.
 
Қаңтар оқиғасынан кейін дәл осы Маргарет Ходж Қазақстанның "клептократиялық элитасына" қарсы санкциялар енгізуді ұсынған еді.
                                                 sputnik.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары