Саясат 02.03.2022 сағат 18:00

«Қазақстан азаматтығын алу жолдарын қатаң бақылау керек» - Мұхтар Тайжан

Ондайға жол бермеу керек. Бұл дегеніміз – дайын тұрған мемлекет жаулары.
«Қазақстан азаматтығын алу жолдарын қатаң бақылау керек» - Мұхтар Тайжан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресей Федерациясына жарияланған санкциялардан кейін, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер көбейетініне сенімдімін. Ондайға жол бермеу керек. Бұл дегеніміз – дайын тұрған мемлекет жаулары.

Қазір кезінде кеткендер де қайтқысы келетіні анық. Бірақ олар өз таңдауын баяғыда-ақ жасап қойған. Енді өздерің құрметтейтін басшыларың Путинмен бірге көретінді көріңдер. Тіпті біреулер «Қайталай аламыз» деп те айқайлап еді. Көріңдер енді…

Қазірдің өзінде Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер аз емес. Өйткені Қазақстанда біраз медициналық операциялар тегін екен. Әлемде қырғын ақша төлеп жасататын операция, біздің елде қарапайым халықтың салығы арқасында емін-еркін жасатуға болады. Сондықтан оны «бүгін мында, ертең анда» жүретін қоныстанушылар емес, елімізде туып-өскен азаматтарымызға ғана жасау керек.

Қазақ тілі және Қазақ тарихы бойынша емтихан тапсырып, жылдар бойы елімізде абыройлы тұрған бөгделер ғана азаматтықты алуы тиіс. Әрине, шеттен келген қандастарымыз үшін өзіндік жеңілдіктер сақталу керек.

Және де кез келген адам екі мемлекеттің азаматтығына да қатаң тексерілуі тиіс. Егер ондайы анықталса, Қазақстанның азаматтығынан сол мезетте айырылуы қажет.

Мұхтар Тайжанның facebook жазбасынан
arasha.kz

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар