$ 443.85  474.3  4.8

Бас прокурордың есімі белгілі болды

"Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Берік Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда.

"Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Берік Асылов 2019 жылы наурызда бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы Жамбыл облысының Бірлік селосында туған. 1991-1992 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау аудан прокурасының аға тергеушісі қызметін атқарған.

1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995 – 1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды.

1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитеті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел - іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.

1996 жылдың желтоқсан айында ҚР Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті. 2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005-2006 жылдары облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2006-2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалімен және "Ұлттық қауіпсіздікті Қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары