04.03.2022, 03:00

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші раунды аяқталды

ашық дереккөзден
Жақын күндері екі ел арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтеді.

Украина мен Ресей Федерациясы гуманитарлық дәліздерді қамтамасыз ету үшін атысты уақытша тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды  ТАСС агентті.

Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединскийдің айтуынша, Ресей Федерациясы мен Украина келіссөздер барысында кейбір мәселе бойынша түсіністікке қол жеткізді.

Украина президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, тараптар атысты уақытша тоқтату келісімі арқылы гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету туралы келісімге келген.

Сондай-ақ Подоляк атысты барлық жерде бірдей тоқтату мүмкін емес екенін, тек эвакуация жүргізу кезінде гуманитарлық дәліздер орналасатын жерлерде ғана атыс тоқтайтынын түсіндірді, деп жазады lenta.ru.

«Тараптар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету, сондай-ақ ең кескілескен ұрыс болып жатқан жерлерге дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу, бұл ретте соғыс қимылдарын уақытша тоқтату мүмкіндігі туралы келісімге келді», - деді Подоляк.

Ол сондай-ақ Украина делегациясы ойдағы нәтижеге қол жеткізе алмағанын және диалогты келіссөздердің үшінші раундында жалғастыратынын атап өтті.

Ресей делегациясының мүшесі, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкийдің айтуынша, жақын күндері Украинамен келіссөздердің үшінші раунды өтеді.

Оның пайымдауынша, Украинамен келісімдер ратификациялауды қоса алғанда, парламенттің күш салуын талап етуі мүмкін.

azattyqruhy.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.