$ 448.15  483.46  4.86

Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа түсінік берді

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбританияның Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұстанымын түсіндірді.
 
Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын мәлімдеп, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.
 
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтты.
 
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының ұстанымын түсіндіру үшін шақырды.
 
"Бұл парламентте сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Біз мұның немен байланысты екенін түсіндіру үшін Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісін (Кэти Лич – Sputnik) сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Оның түсініктемесін күтіп отырмыз",  деді 2 наурызда парламент кулуарында Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев.
 
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті. Ол британ тарапы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін мәлімдеді.
 
"Біз Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты айтылған нақты ұстанымды аңғарып отырмыз және бейбітшілікті, көпжақты дипломатияны және БҰҰ жарғысының қағидаттарын қолдап келген 30 жылдық тұрақты ұстанымды жоғары бағалаймыз", - деді Кэти Лич.

Украина мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымы

2022 жылдың 1 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырды.
 
"Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.
 
Оның айтуынша, геосаяси жағдай ушығып кетті, қазір бұл тенденцияның тоқтайтын түрі жоқ.
Тоқаев екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, келісімге келуге шақырды.
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары